Жаңалықтар тізбегі
0

Құл сияқты жұмыс істедік, ақшамызды бермеді!

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2021 03:48 видеодан кадр
Кәсіпкерлер соңғы екі жылда техникамыз үшін компания бақыр тиын да бермеді дейді.

Құлша жұмсап, қарызымызды бермей қойды! Екі жыл бойы маңдай терімен тапқан ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбелік кәсіпкерлер облыстық әкімдікке келді. Шенеуніктерден еңбекақыларын өндіріп беруді сұрады. Ақтөбе-Атырау арасын жалғайтын күре жолдың жөндеуін қолға алған компания жергілікті кәсіпкерлердің техникасын жалға алған. Артынан көк тиын да төлемей қойыпты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Алыстан ат арытып ауылдан келген кәсіпкерлер облыстық әкімдікке лап қойды. Өйтпеске амалдары қалмағандарын айтады. Біреуі ауыр техникасын, енді бірі су таситын көлігін жалға берген. Ал компания 40 шақырымға созылатын жолды жөндеуі тиіс болған. Оған бөлінген қаржы да қомақты. "Қазавтожол" компаниясы Ақтөбе филиалының басшысы айтқан сома 9 млрд теңгеге жуық. Алайда, кәсіпкерлер соңғы екі жылда техникамыз үшін компания бақыр тиын да бермеді дейді.

Қайрат Шәуметиев, кәсіпкер:

Құл сияқты жұмыс істедік. Енді сол еңбегімізді өзімізге бермей тұр ғой, ақ адал еңбегімізді. Келісім-шартқа отырдық, договорымыз бар. Одан кейінгі жетіде болады деп, келісі айда болады деп, міне, екі жыл болды. Енді кімге айтарымызды білмейміз. Бұл компания Ақтауда болған, алдап кеткен деп естіп жатырмыз.

Рахметолла Бақытов, кәсіпкер:

35 адам ала алмай жүр, 169 млн теңге берешек. Ертең-ертеңмен біздерді осы шаршатып болды. Мына техникаларымның налогын да төлей алмай отырмын. Өзім жұмыста жоқпын. Пенсияға бір жылым қалды.

"Қазавтожол" компаниясы өкілі жол жөндеуші компанияның жалақы жөнінен қарызы жоқ екенін алға тартты. Қазір тек техника мен дизельді отын және инертті материалдар үшін кәсіпкерлер алдындағы берешегі бар. Жалпы сомасы 1 млрд 285 млн теңгені құраған. Қосымша шарт жасап, ақпан айында қарыздың 50 пайызын өтейміз депті. Бірақ, бәрі уәде күйінде қалғанға ұқсайды.

Марат Махамбетов, "Қазавтожол" ҰК" АҚ облыстық филиалының директоры:

Біз оларды сотқа бере алмаймыз. Бұл екі ИП және кәсіпкер, екі хозяйствующий субъект арасындағы жағдай. Қазіргі жағдай бойынша "СПИК Аккорд" осы жұмыстарды бітіреміз деп қазір міндеттеме алып отыр. Менің ойымша, егер компания осы жұмысты өзі бітіретін болса, онда қарыздары төленеді деп саналады.

Марат Махамбетов Ақтөбе-Атырау бағытындағы жолдың Қарауылкелді-Ноғайты учаскесіндегі жөндеу жұмыстары 80 пайызға аяқталғанын айтады. "Қазавтожол" өз тарапынан аяқталған жұмыстар үшін есептескен. Қазір жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Компания қаражат жоқтығын алға тартыпты. Жағдайдан облыстық әкімдіктегілер де хабардар.

Нұржауған Қалауов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Облыс басшысы тарапынан министрлікке, мен өзімнің тарапымнан комитет басшысына осы мәселені тездетіп шешу бойынша өтініш хаттарымыз, әңгімелесулер жүргізгенбіз.

Облыс әкімдігіндегілер "СПИК Аккорд" компаниясы биыл жұмысын жалғастыратынын айтты. Компанияға ең бірінші кезекте қарыздарын өтеу жөнінде талап қоймақшы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: