Жаңалықтар тізбегі
0

Канадалық компания Қазақстанда зауыт салайын деді

ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2021 16:45 ҚР СІМ
Елімізде сұйытылған табиғи газ өндіру үшін.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың "Condor Petroleum" мұнай-газ компаниясының Басқарушы директоры Норман Сторммен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту, Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялар жөніндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. "Condor Petroleum" Қазақстанда сұйытылған табиғи газ өндіру зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі.

Компания Қазақстанның мұнай-газ саласында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы Жарқамыс кен орнында мұнай өндіру жобасы іске асырылуда. Бүгінде "Condor Petroleum" ел экономикасына 250 млн. астам АҚШ долларын инвестициялады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: