Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға таяп қалды

twitter.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2021 17:11 twitter.com
2020 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 1,3% өсті.

2021 жылғы 1 ақпанда Қазақстанда халық саны 18 897,9 мың адамды құрады, деп хабарлайды zakon.kz Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

Оның ішінде қалалықтар –11 169,7мың (59,1%), ауылдықтар –7 728,2мың адам (40,9%).

2020 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 244,4 мың адамға немесе 1,3% өсті.

2021 жылғы қаңтарда туылғандар саны 34,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 0,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,17 туылғандарды құрады.

Кезеңде қайтыс болғандар саны 12,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 5,1% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,73 қайтыс болғандарды құрады.

2021жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 241 (2020 жылғы қаңтарда–306) нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер саны 21,2% азайды. 2021жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,06 (8,90) оқиғаны құрады.

2021 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 57,8% азайып, 79 290 адамды құрады. Елімізден кеткендердің тіркелу саны 43% азайып, 80 199 адамды, көші-қонның айырымы -909 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 81,9% және тиісінше 84,8% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 19,1%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Маңғыстау (90 адам) облысында және Нұр-Сұлтан (2 202 адам), Алматы (3 223 адам) және Шымкент (3 060 адам) қалаларында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: