Жаңалықтар тізбегі
0

Қоғамдық орынға мас боп келсең не болады – полиция түсіндірді

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2021 18:09 Depositphotos
Айыппұл салынады. 1 жыл ішінде қайталанса, 5 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы көзделген

Кербұлақ ауданының полицейлері тұрғындар арасында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес алкогольдік ішімдіктерді ішудің немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 440-бабына сәйкес алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу әкімшілік жауапкершілікті қарастыратыны ескертілді. Бұл құқық бұзушылық үшін айыппұл салынады, дегенмен 1 жыл ішінде қайталанса, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы да көзделген,- деді Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Ауданның бас полицейінің таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары жыл басынан бері қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 33 адамды жауапкершілікке тартқан. Құқық бұзған тұрғындарға хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Сонымен қатар, полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын атап өтті. Ол үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім құқық бұзса, оның ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар жауапқа тартылатынын естен шығармаған абзал. Ал құқық бұзушылық қайта тіркелсе, жауапкершілік екі есе артып, әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін,- деп толықтырды полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: