Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда автобылық боп жатыр

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2021 21:11 facebook.com
Билік өзі шығарған заңын өзі сақтай алмай қалған ғой сонда?

Биыл қаңтарда Қазақстан азаматтары 80 мыңға жуық автокөлік тіркеген екен. Оның 7 959-ы, былайша айтқанда, 10 пайызы ғана шыққанына 3 жыл толмаған жаңа көлік. Қалғаны түгел ескі-құсқы. 62 пайызы тіпті кемінде 10 жыл бұрын шыққан, тозған техника, деп жазады Жас Алаш газеті.

Қолы жеткен қазақтар тағы да "бармақ басты көз қыстымен" сырттан ескі көлік тасып, заңды-заңсыз жолдармен тіркеп жатыр. Тіпті тіркемей-ақ, қызыл-сары-көк түсті шетелдік нөмірмен жүргендер де соңғы уақытта күрт көбейіп барады. Полиция бұларға да түк істей алмайды.

ЕАЭО аясында автокөлік саласына тәртіп орнатпақ болған Қазақстан билігінің жауапсыз саясаты тағы былыққа алып келді.

Кеше жылы жаңа Toyota Camry сатып алмақ болған біреу арнайы тексерумен айналысатын қызметке жүгініп, әлгі көлікті тексерсе, ол мәшине Ресейде тіркелген екен. Сот тарапынан тіпті тіркеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынған көлік екен. Бірақ жемқорлық деген құдіреттің арқасында Қазақстанда тіркеліп, алматылық нөмірмен сатылып тұр!

Мәселен, 2007 жылы Қазақстанда оң рөлді автокөлікті тіркеу тұрмақ, елге кіргізуге тыйым салынған еді. Бірақ қазір 2007 жылдан кейін шыққан неше-түрлі оң рөлді автокөлік қазақстандық нөмірмен Қазақстанды шарлап жүр.

Билік өзі шығарған заңын өзі сақтай алмай қалған ғой сонда? Халық полицияға пара беріп, көлік мәселесін шешіп жатыр, ал полиция өз қолымен жол берген бұл былықты байқамау үшін жалған нөмір таққандарға тиіскісі жоқ.

Қазақстандағы ресми автосалондарда сатылатын жаңа көліктің бағасы удай. Тәуір таңдау да жоқ. Халық көлік үшін 5-6 жылдық кредитке ұрынғысы келмейді де, көлікке мінудің басқа жолын іздейді. Армения, Қырғызстан, Ресей мен Моңғолиядан қанша көліктің елге кіргенінің, оның қаншасы қазақ нөмірін таққанының нақты есебі жоқ-ау.

Әлгі бір жылдары қазақстандықтар жаппай Армениядан көлік таси бастағанда ҚР Ішкі істер министрлігі Арменияға барып, қазақстандықтар сатып алған барлық автокөліктердің электронды базасын алған екен. Сосын олардың вин-кодтарын тексерсе – арасында ондаған, мүмкін, жүздеген кешегі армян көліктің жұмбақ жолмен ендігі Қазақстанда жергілікті тіркеуге тұрып алғаны анықталған. Қылмыстық іс қозғамақ еді, бұл былыққа бір дөкейдің қатысы бар болса керек, істің соңы сұйылып кетті.

Қазақстандағы утильсбор, жемқорлық пен ЕАЭО-ның салдары осындай былыққа ұласты...

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: