Наурызда қазақстандықтар неше күн демалады

express-k.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 18:52 express-k.kz
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта және бұл қалаларда мерекелік іс-шаралар тоқтатылған.

Наурызда қазақстандықтар дәстүр бойынша көктемгі жаңару - Наурыз мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Наурыз ұлттық мереке және 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.

Мейрам күндерінің күнтізбесі

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 18:52

Биылғы жылы Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.

Нәтижесінде қазақстандықтар Наурыз мейрамында биыл 5 күн - 20, 21, 22, 23, 24 наурызда (бес күндік жұмыс аптасына қатысты) демалады.
Алты күндік жұмыс аптасына қатыстылардың демалыс күндері 21, 22, 23, 24 наурызға келіп түседі.

Осы жағынан алғанда, қазақстандықтар бес күн демалып, 25 наурызда, бейсенбіде жұмысқа шығады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта және бұл қалаларда мерекелік іс-шаралар тоқтатылған.

Аталған қала тұрғындары Наурызды өз үйінде отбасы шеңберінде тойлайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: