Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйістер жасады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 21:18 Ақорда
Данияр Есин Ахуалдық орталық меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы бүгін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар ауыс-түйістер жасады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;

Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ,

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: