Жаңалықтар тізбегі
0

"Түркістан Арена" құрылысының былықтары ашыла бастады

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2021 16:24 time.kz
Депутат Азат Перуашев нысанды тексеруді талап етуде.

Түркістанда 39 миллион долларға салынған арена төңірегінде дау азаяр емес. Жасыл алаңы шылқыған су болған су жаңа нысанды футболсүйер қауым, қоғам белсенділерінен бөлек, депутаттар да сынауға кірісті. Парламенттегілер қыруар қаржының неге жұмсалғанын анықтап, спорттық нысанды қайта тексеру керек деген пікір айтты. Қоғамда "Түркістандық LRT" атанған аренаға миллиондаған долларды Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары бөлгені рас па? Олай болса, шенеунік осынша ақшаны қайдан алды?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында айқай-шу шықты. Түркістанның "Тұран" мен "Астана" командаларының кездесуінде су жаңа "Түркістан аренаның" жасыл алаңы нөсерге шыдамай, шылқып су болған. Құрылысына 39 миллион доллар жұмсалған су жаңа нысандағы су сорғылау жүйесінің қауқарсыздығы футболшыларды да ызаландырды.

Антонио Рукавина, "Астана" ФК қорғаушысы:

Бүгінгі ойыннан кейін маған Қазақстанның футбол лигасының бір бөлігі болу ұят. Бұл біз екі ұпай жоғалтқаннан емес, жоқ. Барлығы құны 40 миллион еуро стадионның кесірінен. Бүгін-ертең ойынды бүкіл әлем көріп, футболымыздың жағдайы сорлы екенін көреді. Ертең барлығы мазақ етеді. Негізі осылай болу керек пе?

Жергілікті билік жасыл төсеменің мұндай жағдайға жетуі жауын-шашынның бір айлық көрсеткішінің түсуінен деп ақталуда. Ал, құрылысты жүргізген "BI-Group" нысанға тапсырысты "Самұрық - Қазына" берді дейді. Ұлттық әл-ауқат қоры Айдын Рахымбаевтың қол астындағыларға арена FIFA-3 талабына сай, яғни ел біріншілігін өткізе алатындай болуы тиіс депті. Құрылысшылар солай жасадық, квазимемлекеттік сектор өкілдері оны қабылдады дейді. Алайда, депутат Азат Перуашев нысанды тексеруді талап етуде.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Түркістанның суға толған жаңа стадионы қатты талқылануда. Ол 39 миллион долларға бой көтерген дейді. Біздің партия облыстық спорт басқармасына нақты қанша қаржы осы стадионның құрылысына кетті деген сауал жолдады.

Әлеуметтік желіде "Түркістан арена" сыйымдылығы да сөз болуда. Құны 39 миллион доллар құраған спорт нысанында 7 мың орын бар. Демек, бір орын 5500 долларды құрайды. Ал, осыдан 7 жыл бұрын салынған Түркияның "Сивас аренасына" 27 мың адам сияды. Оған небәрі 21 миллион доллар жұмсалыпты. Демек, бір орынға 744 доллар кеткен.

"Түркістан арена" құрылысына "Самұрық-Қазына" тапсырыс бергенімен, қаржыны "Нысандар құрылысы жөніндегі компания" корпоративтік қоры бөліпті. Мұндай ақпаратты "Liter.kz" сайтына берген жауабында "BI-Group" өкілдері келтірген. Демек, 39 миллион долларды небәрі бес жұмысшысы бар, шағын кәсіпорын өз қалтасынан бөліп берген. Ақшасы көп ұйымның қызметін қазбалай келе мынадай қызық жайтқа тап болдық. 2019 жылы аренаны салу туралы шешім қабылданғанда, корпоративтік қорды Жетпісбаев Арман Шәріпбайұлы деген адамның басқарғанын байқауға болады. Яғни, Түркістан облысы әкімінің қазіргі бірінші орынбасарымен толық аттас жан. Шенеуніктің өмірбаянында 2019 жылы ол осы шағын кәсіпорында директор болғаны да келтірілген. Қоғамда "Түркістандық LRT" атанған жобаға ақшаны әкімнің орынбасары бөлді ме, солай болса, қаржыны қайдан алғанын білу үшін хат та жолдадық. Хатымыз жауапсыз қалмайды деп сенеміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: