Ұлттық банк Нұр-Сұлтан деген коллекциялық монета шығарды

ҚР Ұлттық банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2021 17:27 ҚР Ұлттық банкі
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Қазақстан Ұлттық Банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN" коллекциялық монеталарын шығарады, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2021 17:27

Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, "proof" дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған.

Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: