Ұйғыр ауданының полицейлері жалғысбасты қарияға көмектесіп кетті
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында.
Ұйғыр ауданының полицейлері Наурыз мерекесі қарсаңында аудан орталығы Шонжы ауылында жалғыз тұратын қарияға көмек қолын созып, қажетті азық-түліктерін жеткізіп берді, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Қайырымдылық ісіне полицияның жеке құрамын толыққанды атсалысты.
Жеке құрам атынан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай көмекке зәру адамдарға қол ұшын беру туралы шешім қабылданды. 75 жастағы кейуананың жалғыз тұратынын айтқан учаскелік полиция инспекторлары қолдау көрсетуді ұсынды. Барлық қажетті азық-түліктер алынып, бүгін апарып табыстадық,- деді Ұйғыр АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жандос Асылбаев.
Қарияның үйіне барған тәртіп сақшылары аулаға да тазалық қажет екенін көріп, сол арада қолдан келгенше тазарту жұмыстарын жүргізді. Жетпісті еңсерген кейуана полицейлерге көмек көрсеткендері үшін алғысын айтып, батасын берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript