Зайнутдинов Украинамен болатын кездесуге де қатыспайды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен (0:2) болған матч туралы пікір білдірді, деп жазады aladop.kz.
- Алғашқы ойын, біз кімге қарсы ойнайтынымызды білдік. Жігіттер барын салды, меніңше, ешкімнің шағымы жоқ шығар. Алаңда команда бар күшін жұмсады. Мен жігіттерге тұрақты ойын көрсетіп, алға қарай жылжи беретін болсақ, физикалық қабілетіміз жақсарады деп айттым. Егер біз осы қарқынмен ойнауға дайын болсақ, жеңіске жетеміз. Біз үшін басты мәселе - тұрақтылық. Қазіргі уақытта бұл үздік ойыншылар, менің ойымша біз чемпионаттан басқа да үміткерлерді көретін боламыз. Мокин туралы айтар болсам, оны ерекше атап өтудің қажеті жоқ. Жалпы, қос команда да шеберліктерін көрсетті.
Чемпионаттың енді басталғанын, команданың жаңадан жиналғанын есте сақтаған жөн. Біз әлем чемпиондарымен ойнайтынымызды білдік, бірақ осындай деңгейдегі ойыншылардың бізге мүмкіндік бергеніне риза болдық, біз жай ғана пайдалана алмадық... Жалпы, біз ойынды талдап, түзетуді қажет ететін сәттермен жұмыс істейміз.
- Бүгінгі ойынға құрамды таңдағанда, Украинамен болатын кездесуді назарда ұстадыңыз ба?
- Ия, әрине.
- Еркебұлан Тұңғышбаевтың ойыны қатты ұнады, бізде тағы осындай шабуылшылар бар ма?
- Мен Тұңғышбаевты шабуылшы деп айтпас едім. Біздің оны бүгінгі матчқа шығарамыз деген жоспарымыз болған жоқ, бірақ ол алаңға шықты және өзін көрсете алды. Біз оның не істей алатынын жақсы білеміз. Бірақ оның ұлттық құрамада 2 жыл ойнамағанын айта кеткен жөн. Оны Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бақыладық. Менің ойымша, біз оны алаңға шығару арқылы сенімділігін арттырдық. Бізде Еркебұлан сияқты ойынды күшейте алатын көптеген жас ойыншылар бар. Біз Қайрат Нұрдәулетов бастаған жастар құрамасын да бақылаймыз, ол жерде талантты ойыншылар өте көп. Олар қазір Түркиядағы турнирге қатысуда. Бізге жас ойыншылардың шыңдалуы үшін уақыт керек.
- Айымбетов неге алаңға шықпады?
- Айымбетовтің қазір ойын практикасы жоқ, сондықтан ол ойнамады. Егер бәрі жақсы болса, ол Киевте болатын матчқа қатысуы мүмкін.
- Неге қорғаныстың сол қапталында Валиуллин ойнады? Бұл позицияда ойнайтын Ян Вороговский бар емес пе?
- Мен бұл туралы толық айтпай-ақ қояйын. Бүгінгі құраманың тірегі - Суперкубок матчтарын керемет өткізген "Тобыл" ойыншылары екенін көріп отырсыз, олар бір-бірін жақсы түсінеді. Вороговский бельгиялық клубтағы жаттықтырушылар штабы ауысқаннан кейін негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алды. Біз оны жаттығу кезінде бақыладық, жігіттер бұған түсіністікпен қарады. Менің ойымша, 5-3-2 жүйесінде ол жартылай қорғаушы ретінде ойнауы керек.
Сонымен қатар біз болашақ үшін жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бізден де нәтиже талап етіледі. Әрине, нәтиже үшін күресеміз, бірақ бізде ұлттық құрамаға алғаш рет шақыртылған футболшылар бар. Көптеген ойыншылар ұлттық құрамаға тартылатын болады, біз болашаққа деген көзқараспен команда құруымыз керек. Ресейде ойнайтын футболшылар бізге мүлдем көмектеспеді. Кейбіреуі жарақатына байланысты, кейбіреуінде ойын тәжірибесінің болмауына байланысты. Сондықтан, сіз былтырғы құрамдағы 8-12 ойыншыдан айырылғанымызды байқаған шығарсыз.
- Зайнутдиновтің жағдайы туралы айтып берсеңіз?
- Бақтиердің Украинамен болатын кездесуге қатыспайтыны анық. Ертең ол Мәскеуге қайтады. Оған симуляция жасады деген күдік, патриоттық сезіміне байланысты тағылған айып дұрыс емес. Ол біздің жұлдызды ойыншымыз. ЦСКА-ның медициналық штабынан ешқандай мәлімет келмеді, біз бәрін жасадық. "Зенитпен" болған ойыннан кейін де мен оған хабарласқан едім, ол кішігірім жарақат алғанын айтты. Сондықтан, Қазақстанға келгеннен кейін Бақтиер тексерістен өтті. Ол ойнағысы келді. Жарақат оған ойнауға мүмкіндік бермейді. Тексерістен кейін оның дайын еместігін біліп, тәуекелге бармадық. Жігіттер бұған түсіністікпен қарады. Менің ойымша, Зайнутдинов туралы мәселе көтерудің қажеті жоқ.
- Исламхан мен Зайнутдинов ойынды өзгерте алар ма еді?
- Ия. Бұл ойында қарсылас бізге ойнауға рұқсат берді - біз комбинацияларды дайындап қойған едік. Егер Исламхан шықса, шығармашылық тұрғысынан көмектесер еді, шабуыл шебінде ойнайтын Зайнутдинов та өзін көрсете алар еді. Бұл ойыншылардың болуы ойынның барысына әсер етер еді, әсіресе шығармашылық тұрғысынан.