Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-ны дамытуға бес жылда 2 трлн теңге жұмсау жоспарланды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2021 17:34 primeminister.kz
Жаңа өсу нүктелері пайда болады, облыстың инфрақұрылымы жақсарады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары жаңартылды. Құжат төрт негізгі бағыт – инвестициялық жобалар, тұрғын үй және инфрақұрылым, әлеуметтік сала, қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету бойынша 80-нен астам іс-шараны жүзеге асыруды қамтиды.

Жаңартылған Кешенді жоспарда инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 2 трлн теңгені құрайды, оның басым бөлігі – жеке инвестициялар. Бұл жаңа жобаларды іске асыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және өңір экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алдын ала бағалау бойынша Кешенді жоспарды іске асыру өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін 1,5 есе ұлғайтуға, жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқынын 5,2%-ға дейін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жаңа өсу нүктелері пайда болады, облыстың инфрақұрылымы жақсарады. Мәселен, АӨК саласында 52 сүт-тауар фермасын, 3 бордақылау алаңын, 2 құс фабрикасын, құрама жем зауытын, жылыжай кешенін және т.б. салу жоспарлануда.

Өнеркәсіпте CLAAS ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін, "John Deere" сервис орталығын жергіліктендіру, "Ақсораң" және "Баян" вольфрам-молибден кендерінің кен орындарын игеру, сондай-ақ "ready-built factory" типі бойынша тау-кен металлургия комбинатын және жаңа өндірістік алаңдар салу көзделген.

Өңірде "Қызылжар" сауда-логистикалық хабы құрылады. Еліміздің әкімшілік орталықтарымен іскерлік белсенділікті дамыту үшін әуе рейстерінің саны айына 16-дан 68-ге дейін ұлғаяды. Туристік әлеуетті күшейту және спортты дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорттық аймағында көпфункционалды туристік кешен, Петропавл қаласында 3 мың орындық спорт сарайы салынады.

Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық, цифрлық және көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасады.

Облыстық көпсалалы аурухананы салумен қатар, өңірде 47 медициналық нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық түзету мектеп-интернаты және 16 мектеп салынады. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша жоғары оқу орнын, сондай-ақ Академиялық көшбасшы орталығын құру жоспарлануда.

Өңір әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жаңа импульске ие болады. 26 мың біліктілігі жоғары жұмыс орны ашылады. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту өңірдегі көші-қон үрдістерін тұрақтандыруға мүмкіндік беріп, жастардың тұрақтауы мен мамандардың келуіне қосымша жағдай жасайды. Бұған білім беру мен денсаулық сақтау салаларын белсенді дамыту септігін тигізеді, – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген кешенді жоспарының іс-шараларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: