Жаңалықтар тізбегі
0

Тағы екі өңірде ХҚО-лар алдын ала брон бойынша қабылдайды

Азаматтарға арналған үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2021 19:19 Азаматтарға арналған үкімет
Брондалған уақыттан 10-15 минут бұрын келу керек.

Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысының ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала бронмен қабылдайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұдан бұрын клиенттерді брон арқылы Алматы қаласының ХҚО-лары қабылдай бастаған болатын.

Бас санитар дәрігердің қаулысы – клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді вирустан қорғауға мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара. Бұл шешімге қазақстандықтар түсіністікпен қарайды деп ойлаймын және ерекше қажеттілік болмаса, азаматтарды ХҚО-ға бармауды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz және eGov mobile мобильдік қосымшасында онлайн алуға болатынын еске салғым келеді. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз! – дейді Азаматтарға арналған үкіметтің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Кезекті бірнеше минут ішінде egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

Клиентке брондау кезінде өзінің жеке деректерін толтырып, өңірді, ХҚО бөлімін, келу уақыты мен күнін таңдау қажет.

Көп балалы отбасылар, зейнеткерлер немесе мүгедектігі бар адамдар ХҚО-ға кезекті брондау барысында "Жеңілдік терезесін" таңдай алады. Сондай-ақ, егер ХҚО-ға бір барғанда бірнеше мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу қажет болса, порталдан тиісті бағдарды таңдау қажет.

Азаматтарға арналған үкімет ХҚО-ға брондалған уақыттан 10-15 минут бұрын келуге және барлық санитарлық талапты сақтауды сұрайды. Өңірлердің санитар дәрігерлерінің қаулысы бойынша ХҚО-лар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (Алматы облысының ХҚО-лары сенбі күні қысқартылған кесте бойынша қабылдайды).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: