Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру деректері тіркелді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2021 03:05 pixabay.com
Мұндай дерек Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Елімізде СOVID-19 вирусын екінші рет жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмамбетова айтты, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы біз хабарлағанбыз. Мұндай дерек Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді, - деді Айжан Есмамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетті, 218 031 адам дертінен айықты. 3029 адам аурудан қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: