QazVac вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады – ҚР БҒМ
Сурет: zakon.kz
Қазақстандық QazVac вакцинасы вирустың мутацияланған штамдарына да төтеп бере алады.
Қазақстандық инактивтендірілген вакцина толығымен вирионнан жасалған. Онда вирустың ішіндегі ақуыздардың барлық спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, QazVac (QazCovid-In) вакцинасы вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді.
Біз Алматы қаласындағы науқастардан патологиялық материалды алдық. Зерттеулерді биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханада жүргіземіз. Бүгінгі таңда ғалымдарымыз осы вирустың британдық және оңтүстік африкалық штамдарын бөліп шығарды. Патологиялық материал тек 19 наурызда алынды. Осы штамдардың генетикалық және биологиялық қасиеттері зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері болашақта технологиясы жетілдірілген вакциналарды дайындау барысында пайдаланылады. Бұл технология бір күннің ішінде жасалмайтынын атап өткен жөн. Зерттеу жұмыстары басталып, белсенді жүргізіліп жатыр. Қазақстандық вакцина тұтас вирустан жасалғанын түсіну керек. Онда вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алатын үлкен иммунитеттің пайда болуына сеп болатын вирус ақуыздарының толық жиынтығы бар, – деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript