Антирекорд: бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2000-нан асты
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2077 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл бір тәулікте Covid-19 жұқтырудың рекордтық көрсеткіші, бұған дейін ең көп жұқтыру (бір тәулікте 1962) 2020 жылдың 9 шілдесінде тіркелген.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 248 931 жетті.
Оның ішінде:
Алматы қаласында - 35193 (+595),
Нұр-Сұлтан қаласында – 31533 (+427),
Шығыс Қазақстан облысында - 22921 (+41),
Павлодар облысында - 19148 (+21),
Атырау облысында - 18830 (+103),
Қарағанды облысында - 17895 (+144),
Ақмола облысында – 15420 (+50),
Батыс Қазақстан облысында – 15250 (+104),
Қостанай облысында - 13857 (+36),
Солтүстік Қазақстан облысында - 13069 (+5),
Алматы облысында - 13937 (+239),
Шымкент қаласында - 6952 (+96),
Жамбыл облысында – 6441 (+18),
Ақтөбе облысында - 5449 (+127),
Түркістан облысында – 4515 (+22),
Маңғыстау облысында - 4450 (+22),
Қызылорда облысында - 4071 (+27).