Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлнара Каримованың әкесі тіріде меншіктеп алған ақша-мүлкі елге қайтарылуда

wikimedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2021 15:17 wikimedia.org
Гүлнара Каримова Ташкент облысындағы түрмеде отыр.

Өзбекстанның Мемлекеттік активтерін басқаратын агенттік хабарлағандай, Ташкент қаласында және Ташкент облысында бұрынғы президент Ислам Каримовтің қызына тиесілі бірнеше нысан сатылымға шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Олардың бірі - Бостандық ауданындағы "Сижак" демалыс орны. Оның аймағында бірнеше мейманхана, спорт залы, үш бассейн, екі фонтан, амфитеатр және басқа нысандар бар. Демалыс орнының жалпы алаңы 5,38 гектарды құрайды.

2019 жылы бұл кешен Триатлон федерациясына берілген. Оны қазіргі президент Шавкат Мирзиявтің кіші күйеу баласы Отабек Умаров басқарады.

Гүлнара Каримова Ташкент облысындағы түрмеде отыр. Оған "Мемлекет мүлкін меншіктеп алу", "Қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру" секілді баптармен айып тағылған. 2020 жылдың 18 наурызында 13 жыл төрт айға бас бостандығынан айырылған.

Былтыр қыркүйек айында Швейцария мен Өзбекстан Каримованың ақшасын қайтаруға келіскен. Оған сәйкес, Каримованың 2012 жылдан бері Швейцария банктерінде сақталып тұрған 131 миллион доллары Ташкентке аударылуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: