Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлнара Каримованың активтері Швейцариядан Өзбекстанға қайтарылады

Өзбекстан, Швейцария, актив, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 19:15 Сурет: Instagram/real_googoosha
Өзбекстан мен Швейцария билігі Гүлнара Каримованың қылмыстық активтерін қайтару туралы түпкілікті келісімге қол қойды. Активтер сомасы 131 млн доллар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімге Өзбекстанның Әділет министрі Русланбек Давлетов пен Швейцария президенті Иньяцио Кассис қол қойды.

Келісімге қол қою Швейцария Гүлнара Каримова бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бұрын заңсыз иемденіп, Швейцарияда заңдастырылған 131 миллион долларды Өзбекстан халқына дереу қайтарғанын білдіреді. Өзбекстанның Әділет министрлігі

Заңсыз алынған активтерді қайтарудың негізгі принциптері мыналар екені қоса айтылды:

  • ашықтық пен транспаренттілік, мүліклі қайтаруға қатысты ақпаратты халыққа ашық жариялау;

  • процеске азаматтық қоғамның қатысуы;

  • қайтарылған қаражатты әлеуметтік салаға, атап айтқанда білім беру мен денсаулық сақтауға пайдалану;

  • Өзбекстан мен Швейцария арасындағы реституция мәселелері бойынша тұрақты, жемісті диалогты қолдау.

    Активтер БҰҰ-ның мақсатты қоры жүйесінде орналасқан «Uzbekistan Vision 2030» көп серіктестік мақсатты қоры арқылы қайтарылады.

    Басқарушы комитет мақұлдаған жобаларды БҰҰ-ның Өзбекстандағы тиісті агенттіктері өзбек тарапымен бірлесіп іске асырады.

    Мұндай жүйе сыбайлас жемқорлық пен басқа да тәуекелдерді барынша азайтуға, сондай-ақ қаражатты жұмсауда ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: