Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік желілер – ары таза емес шенеуніктерге проблема болды

ITAR-TASS, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2021 21:22 ITAR-TASS
Әлеуметтік желіде абайлап сөйлеңіз.

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов мен әлі бармын дегендей, өзінің қайраткерлігінен хабар берді. Оның кезінде Білім министрін біраз жылдар басқарғаны мәлім. Депутат Ұлттық құндылықтарға қауіп төніп тұр деп бастама көтеріпті.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде абайлап сөйлеңіз. Аңдамаған, ауырмай өлуі мүмкін. Бақытжан Жұмағұловтың бастамасы бұл! Сенатор парламент "ұлттық құндылықтар мәселелерін" талқылағанда көтерді бұл тақырыпты.
Көзі ашық, көкірегі ояу әр азаматтың көкейінде бір сұрақ көлденеңдейтіні анық осы тұста!

Ұлттық құндылықтың әлеуметтік желіге қатысы қандай? Депутаттың айтуынша өскелең ұрпақтың санасын улайтын кез-келген материал блокқа кетуі керек.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Осылайша жаһандық конгнитивті технология бұқаралық санаға әсер ету құралына айналып отыр.

Сенатор ұсынысы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсетінін сезді ме, бұл бастамасының сөз бостандығына мүлдем қатысы жоқ деп бірден басын ашып алды. Әйткенмен, жұрт мұны жәй ғана желеу дейді.

Коммент:
- Билікке қарсы сөйлегендерді қадағалайын деп отыр. Басқасын ойлап отырған жоқ!
- Әлеуметтік желілер шенеуніктердің арттарын көп ашып жатыр емес пе? Әрине тосқауыл іздейді!

Мәселеге қатысты мамандар не дейді? Пікірін ескердік.

Не дегенмен біз өзімізді "демократиялы" мемлекет санаймыз ғой! Демократия дегеннің өзінде 100 пайыз демократиялы мемлекет болмайды ғой!

Білетіндердің айтуынша, белгілі бір тақырыптар аясында әлеуметтік желіні аңду жалпы халықаралық практикада бар дүние! Бастысы, артық қыламын деп тыртық қылмау!

Жанасыл Болатбек, SMM маманы:

Түбі осыған келеміз ғой. Бірақ, бұл жерде ескеретін нәрсе бар. Әлеуметтік желіні 100 пайыз бақылау мүмкін емес біріншіден, екіншіден ия белгілі бір деңгейде бақылауға болады. Бірақ, ол жеке адамның құқығын немесе жеке басына өтіп кетпесе болды да.

Алайда, айналып келгенде кез-келген материалды жіті бақылау жеке бастың құқығымен қайтсе де шектесетіні анық.

Жеке бас демекші, осы аптада көрші Өзбекстанда заң қабылданды. Анау мынау емес, президент Шавкат Мирзеевтің бастамасымен. Бұдан былай әлеуметтік желі арқылы ел басшысына тіл тигізгендер заңмен қудаланады. 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандыған айыру арқылы.

Десе де, көршілер үшін бұл жаңалық емес. Өйткені, осыған дейін де Өзбекстанда мұндай заң тармағы болған еді. Тек ол кезде әлеуметтік желі емес басылымдарды қолдану арқылы ел президентіне сөз тигізгендер жазаға тартылатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: