Доллар бағамы тағы 1,5 теңгеге өсті
fleepik
Мұнай бағасы кешегі құлдыраудан кейін 6 сәуірдегі саудада қайта бас көтеріп, өсуде.
Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11: 00 уақытындағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамын белгіледі, нәтижесінде баға бірден 1,53 теңгеге көтеріліп, америкалық валюта құны 428,99 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақша айырбастау пункттерінде АҚШ ақшасы 426,8-430 теңгеден, евро - 503-508 теңгеден, Ресей рублі 5,6-5,7 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.
Сонымен қатар, мұнай бағасы кешегі құлдыраудан кейін 6 сәуірдегі саудада қайта бас көтеріп, өсуде.
WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 0,70% көтеріліп, оның бір баррелі 59,05 долларды құрады.
Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 0,51% өсіп, бір баррелі 62,47 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript