Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстан азаматы Қазақстаннан 5 млн теңгенің тауарын заңсыз әкетпек болды

Түркістан облысы бойынша МКД, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2021 15:04 Түркістан облысы бойынша МКД
Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.

"Қапланбек" кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 4-ші сәуірінде Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөлікте "Қапланбек" кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған.

Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді.

Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: