Алматы облысында 22 тонна спирт тиелген автокөлік ұсталды
видеодан кадр
Аталған факт бойынша тергеу ісі қозғалды.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде «Барыс» құрылыс базарында 47 млн. теңге сомасына 22 тонна этил спирті бар автокөлікті ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Аталған факт бойынша тергеу ісі қозғалды. Тәркіленіп алынған спирт Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript