Алматыда тегін вакцина тез таусылып қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2021 18:49 zakon.kz
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көптеген вакцинация пункттерінде екпе салдыртуды қалайтындардың көптігіне байланысты вакцина таусылғанын ескертті.

Алматыда 2 сәуірде коронавирусқа қарсы барлық адамдарды жаппай вакцинациялау басталды. Қала тұрғындарына вакцинаны қай жерден алуға болатындығы туралы алдын ала тізімдер жарияланды. Вакцина қалаға тұрақты түрде түсіп отырады. Келесі транш 9 сәуірде келуі тиіс деп күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматылықтар КВИ-ға қарсы вакцина салдыртуда ерекше белсенді. Әлеуметтік желіде вакцинаның бірінші дозасын алған адамдар жаппай жазба жариялап жатыр.

Сонымен бірге, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көптеген вакцинация пункттерінде екпе салдыртуды қалайтындардың көптігіне байланысты вакцина таусылғанын ескертті.

Бірақ вакцинаның 5 және 6 траншы 9 сәуірде келеді деп күтіледі. 9 сәуірде 57 445 доза мөлшерінде, 13 сәуірде тағы 57 445 доза келуі керек. Барлығы - 114 890 доза, - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін алматылықтардан екпе салдыртуға бармас бұрын емханаларға қоңырау шалып, алдын-ала жазылу сұралған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: