Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз бен Бішкек аспанындағы ерекше құбылысқа қатысты маман түсінік берді

rossaprimavera.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2021 20:32 rossaprimavera.ru
Бұл метеорит емес, метеор болуы мүмкін...

Кеше түнде Тараз бен Бішкек тұрғындары аспанда жарқыраған бір нысанды байқады. Көбісі оны метеорит деп болжады. Қырғыз ақпарат құралдары елдің төтенше жағдайлар министрлігі нысан құлаған жерді іздестіріп жатыр деп хабарлады. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің оңтүстігінде Дағдарыстық жағдайлар департаментіне ешқандай хабарлама келіп түспегінін хабарлады. В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты бұл қандай құбылыс болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл фактіге сәйкес, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының дағдарыстық жағдайлар департаменті, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қорғаныс министрлігі департаменті ешқандай ақпарат алған жоқ, - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Біз түсініктеме алу үшін сарапшыларға да жүгіндік.

В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың Ай және планеталар физикасы зертханасының меңгерушісі, Қазақстанның астрономиясаласының білікті маманы, физика-математика ғылымдарының докторы Виктор Тейфель аспандағы "отты" құбылысқа байланысты түсініктеме берді.

Қосымша дыбыстың естілмеуі, отты жұлдыздың қысқа әрі "құйрығының" болмауы және соңында сөніп бара жатқанына қарағанда, бұл жарқылдаған метеор болуы мүмкін, яғни жерге құлаған метеорит емес.

Тек өте жарық метеор немесе өте кішкентай метеорит, мысалы, шиедей мөлшердегісі болуы мүмкін. Мұндай кішігірім метеорит атмосфераға жылдамдықпен енгенде және ондағы жылдамдық секундына ондаған шақырымды құрап, қыза түсетіндігі белгілі. Бұл, әрине болжам... Сірә, жерге құламаған секілді. Ол атмосфераға енген кезде ыдырап кеткен сияқты, - деді Виктор Тейфель.

Сонымен қатар ол атмосфераға енген кезде "жанып кетті" деген сөзді қолдану мүлдем дұрыс емес екенін атап өтті, өйткені метеориттер жанбайды, олар қызады, ал үлкендері ішкі жылытудан жарылып кетуі мүмкін екенін айтады. Оның айтуынша, ешқандай дыбыс жоқ, бұл кішкентай метеорит болуы мүмкін, өйткені кішкентай метеорит қана ешқандай дыбыс шығармай, осылай жарқ етеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: