Еңбек министрлігі Алматыдағы курьерлер ереуіліне қатысты түсінік берді

qazweek.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2021 20:37 qazweek.kz
Ол еңбек қатынастары, даулар мен жанжалдар мәселелерін үкімет қана емес, Президент Әкімшілігі де ерекше бақылауда ұстайтынын қоса айтты.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Алматыдағы Wolt курьерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, екі тарап ортақ шешімге келгенге дейін жұмыс беруші тарифтерді төмендетпеуге уәде берді.

Wolt өз жұмысшыларымен азаматтық-құқықтық келісімшарттар жасасқанын ескерсек, мемлекеттік инспекторлар олардың қатынастарына араласа алмайды. Біз Алматы қаласының еңбек инспекциясы жұмысшыларға құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін түсіндірдік. Егер жағдай шешілмесе, онда бұл мәселе сотта қаралады, - деп түсіндірді бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Ол еңбек қатынастары, даулар мен жанжалдар мәселелерін үкімет қана емес, Президент Әкімшілігі де ерекше бақылауда ұстайтынын қоса айтты.

Осы жылдың басынан бастап Президент Әкімшілігінің басшысы еңбек саласындағы мәселелерді қарау үшін ай сайын республикалық жедел штаб өткізеді. Сондай-ақ, оның тапсырмасы бойынша Ахуал орталығы құрылды, аймақтарда осындай наразылық істеріне жауап беретін бақылау топтары жұмыс істейді.

12 мамырда Алматыда Wolt курьерлері ереуілге шықты. Wolt кеңсесіне жиналғандар жалақысының 30% төмендетілген жаңа төлем жүйесіне наразы болды.

Мәселе әлі шешілген жоқ, 18 мамырда компания курьерлері тағы ереуілге шықты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: