Қостанайдағы түрме бастығы орынбасарының жұмбақ өліміне қатысты министр түсінік берді

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2019 17:19 inbusiness.kz
Министр түрме бастығының орынбасары Нұр-Сұлтан қаласына аттестациядан өту үшін емес, нормативтер өткізу үшін келгенін баса айтты.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанай облыстық қылмыстық-атқару комитеті жүйесі басқармасының бастығы орынбасарының қазасына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Ол оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұл арада өз-өзіне қол салу фактісі орын алған, - деді ол үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында.

Сонымен бірге, министр өлім фактісі бойынша "тексеру жүргізіліп жатқанын" айтты.

- Тексеру жүріп жатыр. Қайтыс болған, жарақат алған барлық қызметкерлерге қатысты біз әрқашан ішкі аудит жүргіземіз, - деп түсіндірді министр.

Министр түрме бастығының орынбасары Нұр-Сұлтан қаласына аттестациядан өту үшін емес, нормативтер өткізу үшін келгенін баса айтты.

- Ол арада жүгіру, тартылу ғана емес, басқа да бастықтарға арналған нормативтер бар 3 жылда бір рет өтіп тұратын. Бұл міндетті нәрсе, - деп сөзін қорытындылады Тұрғымбаев.

Айта кетсек, 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтанға іссапарға аттанған Қостанай облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Александр Глазко қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: