Мәжіліс депутаты сақтандыру қорына қатысты мәселе көтерді
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Гүлдара Нұрымова медициналық сақтандыру жүйесінде қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Депутаттың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сай, елдің 19 млн-ға жуық тұрғыны бүгінде 15 850 000 адамы немесе 84%-ы сақтандырылған. Бірақ олардың 11 195 887-і немесе 59,2%-ы мемлекет төлейтін жеңілдік санатына кіретін азаматтар (балалар, мүгедектер, көп балалы отбасылар және т.б.).
- Ал, қалған 7 млн экономикалық белсенді халықтың 3 млн яғни, жартысына жуығы сақтандырылмаған. Демек, бұл адамдар қорға аударымдар жүргізбейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, - дейді Г.Нұрымова.
Сондай-ақ, депутат осы себептен толыққанды медициналық көмек ала алмай, бұл көбінесе асқынған ауруларға, өлім-жітімге, оның ішінде онкология, туберкулез және т. б. сияқты созылмалы және әлеуметтік мәні бар ауруларды кеш анықтауға алып келетінін айтты.
Егер осы 3 миллион сақтандырылмаған адамның біреуі 2021 жылы медициналық көмек алғысы келсе, ол 2020 жылға жарна аударуы керек, бұл, әрине, көпшілік үшін қол жетімді емес. Сақтандырылмаған халықтың көп бөлігі Алматы, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тиесілі.
Осы ретте, депутат көбінесе сақтандырылмаған науқастарға, тіпті оқыс жағдайларда да, толыққанды медициналық көмек көрсетуден бас тартатынын жеткізді.
Мысалы, Алматыда сақтандырылушы мәртебесінің болмауына байланысты ауруханаға жатқызудан шұғыл емделушлерден бас тартқан. Осы ретте, емделушілердің заңды құқықтары бұзылған, бірақ бұл үшін ешкім жауап берген жоқ!
Сонымен қатар, көбінесе медициналық ұйымдар шиеленісті жағдайды азайту үшін өз қаражаты есебінен халыққа медициналық қызмет көрсетуге мәжбүр болады, бірақ, кейіннен оларды ешкім өтемейді.
Бірақ іс жүзінде медициналық ұйымдар тіпті сақтандырылушыларға Қор белгілеген айлық жоспарлы бюджеттің шектелуіне байланысты бас тартуға мәжбүр. Мысалы, аурухана ай сайынғы жоспарға сәйкес 100 науқасты емдеді, ал 101-ші мұқтаж адамға көмек көрсетуден бас тартылады, өйткені айлық лимит таусылды.
Тағы бір маңызды мәселе. Мемлекет Басшысы медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру туралы тапсырма берді. 2021 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын 30% - ға және орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру көзделіп отыр.
Дегенмен, жыл басынан бері 74 мыңнан астам дәрігер мен 180 мың медбике жалақыны көтеру тетігін реттейтін бекітілген нормативтік құжаттардың болмауына байланысты жоғары жалақы алған жоқ.
Бұл медицина қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленісті тудырып, медициналық ұйымдарға жалақыны көтеруге қосымша қаражат бөлінген жоқ.
Осыған байланысты, жоғары жалақы қандай қаражаттан төленуі керек? – деген сұрақ туындайды.
Сонымен қатар, Г.Нұрымова жыл басында қаржыландырудың жыл сайынғы кідірісі де дәстүрге айналғанын атап өтіп, бір апта бұрын ғана қаңтар айындағы медициналық қызметтер қаржыландырылғанын алға тартты.
Осы айтылғандарды ескере отырып, депутат бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтқанда, біріншіден, төлем қабілетсіздігін, коронавирустық пандемияға байланысты халықтың табысының төмендеуін ескере отырып, 2020 жылға жарналарды төлеуді талап етпеу керек, ал қорға аударымдарды тоқсан сайын немесе жарты жылға бөлу керек.
Екіншіден, "Ақша емделушіге түседі" қағидаты толығымен жұмыс істеуі үшін медициналық ұйымдарды қаржыландыру іс жүзінде жүзеге асырылады, дәрігер мен медициналық ұйымды таңдаудағы халықтың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін айлық бюджетпен шектелмейді.
Үшіншіден, әкімдіктердің, жұмыспен қамту орталықтарының, "Атамекен" ҰКП-ның, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты сақтандыру жөніндегі мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет.