Елордалықтарға ауызашарды тек отбасы шеңберінде ғана өткізуге кеңес берілді

Елорданың бас санитарлық дәрігері 65 жастан асқан адамдарға қауіп-қатер жоғары екенін еске салды.
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова елорда тұрғындарынан Рамазан айында карантиндік шектеулерді бұзбауды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Біз діндар адамдардың сезімдерін құрметтейміз, бірақ пандемия кез-келген адамның денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі барлық шектеу шараларын ескеруді және оны қатаң сақтауды, атап айтқанда, ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде оны үйде де өткізбеуді ұсынады. Туған-туыстарды, отбасы мүшелерін, достарды қонаққа шақыруға болмайды. Бұған жол бермеу керек, - деді Сарқыт Бейсенова ОКҚ брифингінде.
Ол 65 жастан асқан адамдарға қауіп-қатер жоғары екенін еске салды, сондықтан ауызашарды тек отбасы шеңберінде ғана өткізуге кеңес береді.
2021 жылғы қасиетті Рамазан айы 14 сәуірде басталады. Қасиетті Қадір түні 9 мен 10 мамыр аралығында деп көрсетілген. Қазақстандықтар Ораза айт мерекесін 13 мамырда, ал Құрбай айтты 20-22 шілдеде тойлайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript