9 сәуірге арналған ауа райы болжамы
![pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 22:54](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f74fde74-ddb1-4d04-a87b-97396045d4ab/800x452.webp)
ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр,қар) жауады, тек оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, республикамыздың оңтүстік-батысында шаңды дауылмен, солтүстікте көктайғақ болады.
Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтобе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі,
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл болады.