"Қазақстан Инжиниринг" ҰК"АҚ Басқармасына төраға тағайындалды
Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі шешімі негізінде "Қазақстан Инжиниринг "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Керейбаев Мұхтар Жұмағазыұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz аталған АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Керейбаев Мұхтар Жұмағазыұлы 1964 жылы 6 қазанда Семей облысында дүниеге келген. Алматы инженер және теміржол көлігі институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң академиясын "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
1986-1991 жылдары Семей локомотив депосында ауысым шебері және өндіріс бастығы болып жұмыс істеді.
2000-2007 жылдары "Резерв" РМК-да жұмыс істеді: Семей филиалында менеджер және басқарушы, "Балқаш" филиалының директоры, Астана қаласы бойынша "Резерв" РМК бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры лауазымдарын атқарды.
2010-2015 жылдары "Тыныс" АҚ зауытының бас директоры қызметін атқарды, ол қос мақсаттағы өнім өндірумен және азаматтық өндіріспен айналысады.
2015-2017 жылдары Астана қаласы әкімдігінің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқарды.
2020 жылдан бастап "Қазақстан Инжиниринг "ҰК" АҚ - да басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.
2021 жылғы наурыздан бастап "Қазақстан Инжиниринг "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.
Керейбаев Мұхтар Жұмағазыұлы құрметті машина жасаушы атағына ие, сондай-ақ ҚР "Құрмет" орденінің иегері.