Жаңалықтар тізбегі
0

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы екі айға қамауға алынды

Zhasulan Kuzhekov (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 15:30 Zhasulan Kuzhekov (RFE/RL)
63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Ұстау операциясын Қазақстанның коррупциямен күрес агенттігі және Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі жүргізген. Тергеу мәліметі бойынша, Жанғұттинов Түркістан облысының аудандық судьясынан оны басқа қызметке ауыстыру үшін пара алған. Пара берген адам да ұсталған.

Күдіктінің қамалғанға дейін қайда болғаны айтылмайды. Бұл оқиғаны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барып тұрған сорақылық деп атаған деп жазады "Курсив". Ақпан айында Жанғұттинов ұсталды деген ақпарат тараған кезде, оның Жоғарғы соттағы судьялық қызметі былтыр желтоқсан айында аяқталған деген мәлімет таратылды.

2011 жылы Жанғұттинов коррупция бойынша айыпталған сол кездегі денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісін жүргізген. Экс-министр 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Жеті ай өткен соң Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасаған. ​

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: