"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 21:43 primeminister.kz
Ростислав Коняшкин 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Директорлар кеңесінің шешімімен Ростислав Анатольевич Коняшкин "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ростислав Коняшкин 1989 жылы Жамбыл облысында туған. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы "KazTransCom" ERP-Service" ЖШС консультанты болып бастаған.

2011-2012 жылдары – "KazTransCom" ERP-Service" ЖШС "Интергаз Орталық Азия" АҚ және "Қазтрансгаз" АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.

2012-2014 жылдары – "Astana Innovations" АҚ-да түрлі қызметтер атқарды. 2014-2015 жылдары – "Ақпараттық талдау орталығы" АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.

2016 жылы – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.

2016-2017 жылдары – "Өрлеу" инновациялық технологиялар орталығы" ЖШС жобалар бойынша менеджері.

2017-2019 жылдары – "Транстелеком" АҚ орталық аппаратының "Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі" бағыты бойынша жобалық менеджері.

2019-2020 жылдары – "Tengri Lab" ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.

2020 жылы – ҚР ЦДИАӨ министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасы орынбасарының м.а. 2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: