Жаңалықтар тізбегі
0

63 жастағы Түркіменбашы енді заң шығару билігін қолына алды

kremlin.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2021 16:21 kremlin.ru
Сарапшылар ол өзінің ұлы Сердар Бердымұхамедовті президент етуге дайындап жатыр дейді.

14 сәуірде Ашғабадта Түркіменстан президентінің кандидатурасы Халк Маслахаты заң шығарушы органның төрағалығына бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Халк Маслахатының алғашқы отырысында президент Гурбангулы Бердымұхамедовтің өзі жариялады. Осылайша, Түркіменстан президенті, премьер-министр қызметтерін қоса атқаратын 63 жастағы Гурбангулы Бердымұхамедов енді Халк Маслахатының спикері.

Халк Маслахаты - түркімен парламентінің жоғарғы палатасы. 56 депутаттан тұрады. Оның сегізін президенттің өзі тағайындайды.

2006 жылы Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін билік тізгінін қолына алған Гурбангулы Бердымұхамедов қос палаталы парламент құрып, мұны демократиялық дамуға жасалынған қадам деп түсіндірген.

Сарапшылар ол өзінің ұлы Сердар Бердымұхамедовті президент етуге дайындап жатыр дейді.

Биыл ақпан айында 39 жастағы Сердара Бердымұхамедов үшін қосымша вице-премьер қызметі құрылған. Ол сонымен бірге елдің Ішкі істер министрі, Қауіпсіздік кеңесін басқарады әрі Түркіменстанның жоғарғы бақылау палатасына төрағалық етеді. Бұдан бөлек "Түркімен алабайы" қауымдастығының жетекшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: