Жұмысын дұрыс атқара алмағаны үшін "ҚазАвтоЖол" басшысы орнынан алынды

baigenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 17:46 baigenews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды", деп жазды ол Facebook-те.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырғаны белгілі болды.

Ұлан Әліпов 2019 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: