Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыз дәрігерлері ковид науқастарды құпия тәсілмен емдеп, жазып отырған

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 20:53 Pixabay
Олар мұны осыған дейін ешкімге айтпағандарын жеткізді.

Қырғызстанда дәрігерлер коронавирусты екі-үш күнде емдеудің әдісін тапты. Ковид науқасты емдеу үшін олар Ыстықкөл тамырын пайдаланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев "24.kg" ақпарат агенттігіне дәрінің сұйықтығын өзі әзірлейтінін айтты.

Денсаулыққа еш зияны жоқ. Оны ыстықтай ішу керек, екі-үш күнде ковид тесттен көрсетпейді, науқас та бірден жақсарады. Бұл қақырық түсіретін дәрі, оған қоса қан құрамындағы қантты түсіреді. Науқасқа жауапты әр дәрігер оның жанында отырып жекелей бақылайды, яғни науқас дәріні ыстықтай ішіп жатқанда қасында отырады, - деді ол.

Министр қазіргі уақытта елде COVID-19-дың үшінші толқыны жүріп жатқанын атап өтті.

Адамдарымызды жоғалтпау үшін біз осындай қадамға еріксіз бардық. Екінші толқын кезінде науқастарды осы Ыстықкөл тамырымен емдедік, бірақ бұл туралы ешкімге айтқан емеспіз, - дейді Бейшеналиев.

Ол тамырдың пайдасы әлдеқашан дәлелденгенін айтады.

Министр ерітіндіні өзі ішіп жүргеніне қарамастан вакцина салдыртқанын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: