Қазақстанға арналған инсулин Өзбекстан дәріханаларында тұр
2018 жылы өзбек журналистері қауіпті инсулин айналымына қатысты тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қазақстанда 28 қылмыстық іс қозғалған. Қазір, 2021 жылы контрабандалық тауарларды Қазақстаннан, Түркиядан және Ресейден әкелу әлі де жалғасуда. Ташкенттің орталығындағы дәріханаларда инсулинді 200 мың сомнан сатады, дейді "Арамза билік" каналы.
Бұл түріктердікі. Біздікі бар, бірақ ол екі есе қымбат. Әр түрлі жеткізушілер - әртүрлі баға, - деді дәріхана сатушысы.
Журналистер инсулиннің осы дәріханаға контрабандалық жолмен біреудің жүгімен келгенін, температура режимі сақталатындығына кепілдік берілмей, мемлекет қазынасына төленетін кедендік төлемдер мен басқа да төлемдерді төлемегенін анықтады. Мұны Өзбекстандағы халықаралық өндірушілердің өкілдіктері растады.
Басқа дәріханаларда біз қазақ және орыс тілдерінде жазылған инсулинді сатып алдық. Қалам-шприцтегі серия инсулиннің қай елде өндірілгенін және қай елде сатылатынын көрсетеді. Сәйкесінше, осы сериядағы дәрі-дәрмектер Өзбекстанға заңды түрде келуі мүмкін емес, - деп жазады газет.
Редакцияның хабарлауынша, контрабандалық инсулин Өзбекстанға Қырғызстан, Қазақстан, Ресей арқылы тек сатып алып-сатушылар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі логистикалық компаниялардың жүк көліктерімен де жеткізіледі. Олардың кеденнен қалай өтетіні құпия болып қала береді, деп атап өтті портал.
Осындай алаяқтықпен, қылмыстық жолмен ақша жасау үшін біздің елден дәрі-дәрмектерді тағы қаншасы неше елге жіберілді? Бұл біздің шекарадағы бақылау жұмысының нашарлығын көрсетеді. Яғни, олар біле тұра осы іс-қимылдарға көздерін жұма қарап, көмектесуден тайынбаған. Ертең елімізде дәрілер жетіспейді деп дабыл қағып, бағаларын өсіріп жіберуі әбен мүмкін. Бәрін қойып енді дәрі-дәрмектерді контрабандалық жолмен тасуға көшті ме?