Кәсіпорын басшысы оқымаған маманға оқудан өтті деген куәлік сатты

gvozdem.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2021 16:43 gvozdem.ru
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері коммерциялық сатып алу фактісінің жолын кесті.

Ақсу қаласында бір кәсіпорынның басшысы "Электро-газбен дәнекерлеуші" мамандығы бойынша оқудан өткені туралы куәлік бергені үшін коммерциялық сатып алу ретінде заңсыз ақша қаражатын алған. Бұл ретте оқыту іс жүзінде жүргізілмей, құжаттар формальды түрде ресімделгені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл мамандық құрылыстан бастап мұнай өндіруге дейін бірқатар салалардың негізінде жатқандықтан, оқытусыз сертификат беру халық үшін зор қауіп тудырады.

Аталған фактіні ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша ЭТД қызметкерлері анықтады.

Ақсу қалалық сотының үкімімен ұйым басшысы кінәлі деп танылып, оған оқыту-білім беру қызметімен байланысты коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 2 жылға айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: