Жанар-жағармай нарығындағы ахуалдың нашарлауына не себеп екені айтылды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2021 20:28 inform.kz
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында айтты.

Электр желілеріндегі апаттық ақаулары Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатты. Бұл жанар-жағармай нарығындағы жағдайдың нашарлауына әсер етті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Аймақ тұрақты әрі толықтай электр қуатымен қамтамасыз етілуі керек. Әзірге бұл бағытта проблемалар бар. Менің тапсырмам бойынша, елдің батыс аймақтары арасындағы транзиттік байланыстарды нығайту және оларды Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесімен интеграциялау схемасы әзірленуде, - деді Мемлекет басшысы.

Үкімет батыс өңірдегі электр желісінің тұрақтылығын арттыру үшін бірқатар шаралар қабылдауы керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: