Алдағы демалыста күн жылынады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2021 19:51 pixabay.com
Ауа температурасы жоғарылайды.

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 24-26 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Болжамға сәйкес, ауа температурасы жоғарылайды

Алдағы күндері Атлантикалық циклонның жақындауымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады, батыс өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: