Цой тікелей эфирде QazVac вакцинасын салғызды
24.kz
Екпеден кейін министр 30 минут бақылауда болды.
Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын алғашқы болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
26 сәуірде қазақстандық QazVac вакцинасын егу басталды. Алғашқылардың бірі болып бұл вакцинаны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды.
Екпеден кейін министр 30 минут бақылауда болды. Цой енді екінші дозасын 21 күннен кейін, 16 мамырда алады.
QazVac вакцинасы "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" базасында өндірілген. Отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript