Жаңалықтар тізбегі
0

Карантин кезінде берілген 42 500 теңгені қайтару талап етіліп жатқаны рас па?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 20:02 zakon.kz
Карантин кезінде 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен төленді.

Instagram-дағы парақшалардың бірінде көпшілік төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алған барлық жұмыссыздар енді 20 000 теңгені мемлекетке қайтаруға міндетті екендігі туралы жаңалықты қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Stopfake.kz атап өткендей, бұл ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 20:02

42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен төленді. Ол карантиндік шектеулер мен төтенше жағдай режиміне байланысты кірісінен айырылған жұмыс істейтін азаматтарға берілген.

– Егер азамат жұмыссыз болса, оның Қазақстан Республикасы аумағында барлық жерде қызметке шектеулер енгізілуіне байланысты табысынан айырылуы мүмкін емес. Тиісінше, ол 42 500 теңге алмауға тиіс және өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде төлем алуға өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен, МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды талап етіп жатпағанын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 20:02

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: