ҰҚК-нің отставкадағы генерал-майоры Саят Мыңбаев өмірден озды

Ол - "Қазақстан темір жолы" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды. Қаралы хабар туралы ҚР ҰҚК ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚҚ басшылығы орны толмас шығын - ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, делінген хабарламада.
Саят Мыңбаев бұған дейін ҰҚК-нің әскери барлау департаментінің бастығы болғаны хабарланады. Ол - "Қазақстан темір жолы" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript