Президент қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2021 15:21 Ақорда
Мемлекет басшысы өз тарапынан мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты асқан алаңдаушылықпен қабылдадым. Қырғыз бен тәжік халықтары біздің бауырларымыз, тарихымыз бен мәдени құндылықтарымыз ортақ", делінген хабарламада.

Президент біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымызға бейбітсүйгіштік, төзімділік пен өзара сыйластық тән екенін баса атап өтті.

"Қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімді және екі мемлекеттің уәкілетті өкілдері арасында келіссөздердің басталғанын қолдаймын. Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы даналық танытып, барлық даулы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін", - деді ол.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз тарапынан мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайын екенін жеткізді.

"Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі аясында мұндай шекаралық қақтығыстарды реттеудің тетіктерін қарастыру қажет деп санаймын, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: