Нығматулин: Мәжілістің күн тәртібінде – республикалық бюджетті нақтылау

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2021 18:40 Ж.Құспанов
​Құжат 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының нақтылануына байланысты әзірленген.

​Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

​Бюро отырысында депутаттар қарауына "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды.
​Құжат 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының нақтылануына байланысты әзірленіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына, Мемлекет Басшысының Жолдауына және коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған.

​Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарау ұсынылды.

​Палатаның алдағы жалпы отырысында заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2021 18:40

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: