Навальныйға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды

AP Photo / Pavel Golovkin, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2021 19:53 AP Photo / Pavel Golovkin
Навальный қазір сегіз жыл бұрын қозғалған қылмыстық іс бойынша қамауда отыр.

Ресейдің Тергеу комитеті оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға және ол негізін қалаған қор қызметкерлері Леонид Волков пен Иван Ждановқа қарсы қылмыстық іс қозғады, дейді centralasian.org.

"Навальный штабын экстремистік деп тану жөніндегі" істің ақпан айында қозғалғаны енді белгілі болды.

Ресейде бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандар үшін төрт жылға дейін еркінен ажырату жазасы қарастырылған. Бұдан бөлек былтырғы өзгертулерге сәйкес, бұл баппен сотталған азаматтарға бес жыл қатарынан кез келген сайлауға үміткер болуға тыйым салынған.

Навальный қазір сегіз жыл бұрын қозғалған қылмыстық іс бойынша қамауда отыр. Сот үкіміне сәйкес, ол бостандыққа 2023 жылдың жазында шығуы тиіс. Жданов пен Волков шетелге қашып кеткен. Наурыз айында Литва Волковты Мәскеудің қамауға алу жөніндегі өтінішінен бас тартқан. Ресейде ол жеткіншектерді заңсыз наразылық акцияларына шақырып, митингілерде санитарлық талаптарды бұзды деп айыпталған.

Осыған дейін Мәскеу прокуратурасы "шетелдік тыңшылардың" тізіміндегі "Коррупцияға қарсы күрес қорын" және Алексей Навальныйдың жақтастарының штабын экстремистік деп тануды талап еткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: