Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 123 ҰОС ардагеріне 1 миллион теңгеден беріледі

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2021 20:38 24.kz
Ал тыл ардагерлеріне 50 мың теңгеден беріледі.

Алматыда Ұлы Отан соғысының 123 ардагеріне Жеңіс күніне орай 1 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылы 30 сәуірде өткен IV сессиясында депутаттар Жеңістің 76 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бірреттік әлеуметтік көмек төлеу туралы ұсынысты қолдады. Ардагерлерге 1 миллион теңгеден және еңбек майданына қатысушыларға әрі бейбіт уақытта қаза тапқан ардагерлердің жұбайларының әрқайсысына 50 мың теңгеден біржолғы төлем беріледі", делінген әкімдік хабарламасында.

Биыл жергілікті бюджеттен бірреттік төлемдер 17 мың адамға, оның ішінде ҰОС қатысушылар мен мүгедектерге, оларға теңестірілген еңбек майданына қатысушыларға және басқа санаттарға.
Сонымен, ҰОС 123 қатысушылары мен мүгедектерінің әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріледі, 4 мыңға жуық адамның әрқайсысы 100 мың теңгеден, ал 12 мыңнан астам адамның әрқайсысы 50 мың теңге алатын болады.

Анықтама:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
1 млн. теңгеден (123 адамға 123 млн. теңге);

- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 100 мың теңгеден (1 709 адамға 170,9 млн. теңге);

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 мың теңгеден (2 725 адамға 272,5 млн. теңге);

- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне 100 мың теңгеден (1 адамға 0,1 млн. теңге);

- Ауғанстандағы немесе жауынгерлік ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 100 мың теңгеден (29 адамға 2,9 млн. теңге);

- еңбек майданына қатысушыларға (ҰОС кезінде тылда жұмыс істеген), соның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталғандарға, сондай-ақ марапатталмағандарға 50 мың теңгеден (12 мың адамға 600 млн. теңгеге жуық);

- ҰОС қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, ҰОС қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 50 мың теңгеден (590 адамға 29 млн. теңгеге жуық).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: