Жаңалықтар тізбегі
0

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 18:02 ПМ
Ол 2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы сайтының мәліметі бойынша, Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2004-2011 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму Банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.

2014-2016 жылдары — "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры.

2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: