Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бастығының бұрынғы орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2021 18:32 баспасөз қызметі
2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол азаматтық қорғау саласының уәкілетті органында әртүрлі басшылық қызметтерде болды.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Азаматтық қорғаныс полковнигі Битаев Сәбит Кенжеханұлы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы болып тағайындалды. (...) Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған, делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырып, оның алдына нақты міндеттер қойды. Атап айтқанда, әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың санын азайту бойынша.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2021 18:32

Сәбит Битаев 1976 жылы 14 қазанда дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесінде инженер болып бастаған.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол азаматтық қорғау саласының уәкілетті органында әртүрлі басшылық қызметтерде болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: