Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бір гектар жерге 1 трактордан келеді. АҚШ-та – 27

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 18:37 facebook.com
Халықтың 42% ауылда тұрады. Ауыл шаруашылығында халықтың 14% ғана жұмыс істейді.

Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссоның шығармашылығында ауыл шаруашылығына қатысты ғажап сөзі бар: "Мемлекетті біреуден тәуелсіз етіп ұстайтын бірден бір құрал – бұл ауыл шаруашылығы. Күллі әлемнің байлығы қолыңызға іліксе де ішетін тамағыңыз болмаса – Сіз басқаларға тәуелдісіз. Сауда байлыққа бастайды, ауыл шаруашылығы азаттыққа жетелейді".

Мә-ә, шынымды айтсам, таң-тамаша қалдым. Сұмдық! Қандай дәл айтылған, деп жазады желіде Жазушы-публицист, Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев).

Содан тәуелсіздігіміздің деңгейі қаншалықты екен деп ауыл шаруашылығы саласына көз жүгірткенім бар. Сөйтсем, ауыл шаруашылық секторы экономикамыздың негізі болып табылатындығына қарамастан Қазақстанның ЖІӨ оның үлесі небары 4,2 пайызды ғана құрайды екен. 1990 жылы бұл көрсеткіш 9 пайызға жуық болыпты. Яғни билік қаншама мақтанса да стратегиялық салада кері кетіппіз.

Ауыл шаруашылығында 1 миллион 227 мың адам жұмыс істейді. Бұл барлық жұмыс істейтін адамдардың 14 пайызы. Ауылдық жерлерде бүгінде халықтың 42 пайызы өмір сүреді. Егістік көлемі 21 млн га. Ал еңбек өнімділігі мүлде төмен. Себебі, техникалық жарақтануы артта қалған. Тиімді агротехникалық технология жоқтың қасы. Қазақстанда 1 га жерге бір трактордан (кей ауылдарда 100 гектарға бір трактор) келсе, АҚШ-та бір гектар жерге 27 трактор, Үндістанда 16, Бразилияда 11 трактордан келеді. Қазақстанда қазіргі бір трактордың орташа жасы 17 жыл. Әбден көнерген, бөлшектері скотчпен, сымтемірмен ілдаланған. Жайлаған коррупция салдарынан субсидия жай диқандардың қолына жете бермейді.

Еңбек өнімділігі АҚШ-та әр фермерге шаққанда жылына 90-100 мың доллар болса, Қазақстанда ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін әр адамның еңбек өнімділігі жылына 5 мың доллар көлемінде ғана. Кедейшілік төркіні сонда жатыр.

Азық-түлік қауіпсіздігі туралы қаншама рет айтылғанымен баяғы жартас бір жартас. Ауыл шаруашылығының кенжелеуі басқа салалардың дамуына кедергі келтіріп отыр. Салада еңбек өнімділігі ғана емес мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігі өте төмен. Сондай-ақ өндірілген өнімді өткізу мен сақтау жүйесі дамымай қалыпты. Депутаттардың келтірген деректеріне қарағанда Қазақстанға қажетті азық-түліктің 80 пайызы бүгінде сырттан тасылады. Сонда Қазақстан тәуелсіздігінің деңгейі азық-түлік қауіпсіздігімен өлшегенде небары 20 пайыз ғана екен! Міне, біздің биліктің "жетістігі"!

Осы жерде әйгілі Авраам Линкольннің "Халықтың бір бөлігін үнемі ақымақ етуге болады, бүкіл халықты да аз уақыт ақымақ қыларсың, ал бүкіл халықты үнемі ақымақ қылу мүмкін емес!" деген сөзі еске түседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: