Жаңалықтар тізбегі
0

Nur Otan өңірлердегі медициналық нысандар құрылысын бақылауға алады

Nur Otan, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 22:19 Nur Otan
Денсаулық сақтау – сайлауалды бағдарламаның маңызды блоктарының бірі.

Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері және "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының басым бағыттары Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші отырысында талқыланды, деп хабарлайды Партияның баспасөз қызметі.

Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, денсаулық сақтау – сайлауалды бағдарламаның маңызды блоктарының бірі, оған Сайлауалды уәделерді іске асыру жөніндегі Жол картасының 362 индикаторының 23-і арналған.

Мәселен, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттырып, денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін барлық көздерден елдің ЖІӨ-нің 5%-іне дейін жеткізу міндеті қойылып отыр.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері медицина ұйымдарының инфрақұрылымын өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жақсартуға бақылауды қамтамасыз ету шараларын қарастырды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Кеңес мүшесі Эльмира Әлиева Медициналық қызметкердің құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды ұсынды. Өз кезегінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі заңнамалық нормалар әзірленіп жатқанын хабарлап, оларды Кеңестің келесі отырысына талқылауға енгізуді ұсынды.

Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші кездесуінде зиянды өнімдерге – темекі, алкоголь, құрамында қант бар өнімдерге акциздік салықтарды арттыру және енгізу мәселесі де талқыланды.

Кеңес мүшесі, еліміздің жетекші кардиологы Қайрат Дәулетов атап көрсеткендей, бүгінде әрбір жетінші өлім алкогольден, ал 50 жасқа дейінгі ерлер арасында әрбір үшінші өлім спирттік ішімдіктерді тұтынумен байланысты. Темекіні тұтынудан жылына кемінде 18 мың қазақстандық қайтыс болады.

Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы мезгілсіз өлім-жітімнің үлкен айырмашылығын да дәл осы алкоголь мен темекі анықтайды, – деп мәлімдеді ол.

Кеңес төрағасының орынбасары Жәмилә Садықованың айтуынша, Қазақстанда жарнамаланатын өнімдердің 80%-ке жуығы – фаст-фуд, құрамында қант бар сусындар, дайын таңғы ас және т.б.

Бұл өнімдерді белсенді тұтыну біздің елімізде ерлердің 19%-і, әйелдердің 23%-і және 6 жастан 9 жасқа дейінгі балалардың 20%-і зардап шегетін семіздікке әкелуі мүмкін. Семіздіктің артуының тікелей салдары 400 мыңнан астам қазақстандық ауырып отырған қант диабеті болып табылады, – деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: